Blue Flower

Құрметті авторлар және сабақтас құқықтар иелері!

"Шапағат" республикалық қоғамдық бірлестігі авторлық және сабақтас құқықтарын ұжымдық негізде басқаратын ұйым болып табылады. "Шапағат" өз қызметін ерікті және тең құқылы мүшелік, демократиялық өзін-өзі басқару және жариялылық қағидаттары негізінде жүзеге асырады.

Біздің ұйымымыздың миссиясы - авторлар мен сабақтас құқықтар иелеріне сыйақы жинаудың, бөлудің және төлеудің ашық және тиімді жүйесін құру, және олардың құқықтарын қолданыстағы заңнамада көзделген тәсілдермен қорғау арқылы отандық және әлемдік мәдениетті дамытуға үлес қосу.

Өз миссиясын жүзеге асыру үшін "Шапағат" зияткерлік меншікті қорғау саласында көп жылдық тәжірибесі бар мамандардан тұратын кәсіби және тату пікірлестер командасына ие. Мысалы, "Шапағат" Бас директоры Серік Исаев бұл салада 15 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді және Қазақстанда авторлық құқық жүйесінің қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосты. Ол авторлық құқық саласындағы маман ретінде біздің елімізде де, шетелде де кеңінен танымал.

Өз мүліктік құқықтарын басқаруды бізге 900-ден астам отандық құқық иеленушілерді, соның ішінде Алтынбек Қоразбаев, Бауыржан Есебаев, Жарылқасын Дәулетов, Исраил Сапарбай, Тұрсынжан Шапай, Владимир Питерцев, Дүйсенхан Сыздықов, Павел Ли және басқа да көптеген танымал туындылардың белгілі авторлары сеніп тапсырды. Сондай-ақ, біздің қоғамға өз құқықтарын қорғауды шетелдік құқық иеленушілер мен мүліктік құқықтарды басқару жөніндегі шетелдік ұйымдар сеніп тапсырды.

Құрметті құқық иесі, Сізге өз авторлық және сабақтас құқықтарыңызды біздің ұйымға сеніп тапсыруды және "Шапағат" РҚБ-нің толық құқықты мүшесі болуды ұсынамыз.

Шарт жасасу үшін осында көрсетілген байланыс деректері бойынша "Шапағат"-қа хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Шапағат РҚБ мүшелерінің тізімі